Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол берілмейді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизоны әскери сотының бас маманы Б.Тулегеновамен «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол берілмейді» тақырыбында Ностальжи радиосында мәлімет берілді.

Б.Тулегенова өз сөзінде, «Қазақстан Республикасында Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен  гендерлік теңдік стратегиясы бекітілген. 2009 жылдың 4 желтоқсанында Қазақстан Республикасы «Тұрмыстық зорлық зомбылықты алдын алу туралы» Заң қабылданғанын, бұл заңда құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралар жүзеге асырылатын кешенін айқындайтын, субъектілер жасалатын тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы ол отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ оларды жасауға ықпал ететін себептері мен жағдайларды анықтау және  жою», - деді.

Отбасы - бұл қол сұғылмас қоғамның ұясы және оның ішіне араласуға жол берілмейді деген тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі туралы ойдан шығарылған стереотиптер орныққан, үйдегі зорлық-зомбылық құрбандарының жартысы құқық қорғау органдарына жүгінбейді, моральдық талқылауға салынады. Отбасындағы зорлық ‑ зомбылық ол ерлер мен әйелдердің арасындағы суицидтің бірі, адам өлтіру және ауырлығы орташа дене жарақатын салу, сондай-ақ балалар, жасөспірімдер және жастар арасындағы  қылмыстың басты себептерінің бірі болып табылатындығын атап өтті.

Сонымен қатар, гендерлік саясаттың негізгі принциптері, басымдылықтары және міндеттері билік құрылымдарындағы әйелдер мен еркектерін қатысуының тендігіне қол жеткізу, экономикалық тәуелсіздік пен өз бизнесін жүргізу барысында және қызмет бабында өсудегі тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, отбасылық құқықтары мен міндеттерін іске асыруға бірдей жағдайлар жасау және жыныстық белгіге байланысты зорлық-зомбылықтан арылу екендігін айтты.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі