«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңын қолдану тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана  қаласы Әкімдігінің «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан  қиын жағдайға тап болған адамдарға дағдарыс орталығы-баспанасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде   мемлекеттік құқық қорғау органдарының және үкіметтік емес ұйымның өкілінің қатысуларымен Қазақстан Республикасының 04.12.2009 жылғы  «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы»  Заңын қолдану  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Оған Қылмыстық істер  жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төраға міндетін атқарушы Б.Дарибаев, Ақмола гарнизоны әскери  прокуратурасының прокуроры әділет лейтенанты  Д.Тукенов, Алматы ауданы  бойынша заң кеңесінің адвокаты  У.Шеримбетова., Астана қаласы ІІД және Астана қаласының  Есіл, Сарыарқа аудандарының Ішкі  істер бөлім инспекторлары полиция капитаны А.Исмагулова,  полиция майоры А.Макаева, полиция аға лейтенанты Д.Тайгожина, Астана  қаласы Әкімдігінің «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан  қиын жағдайға тап болған адамдарға дағдарыс орталығы-баспанасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директор міндетін атқарушы Р.Набиева., «Қорғау» Жеке қорының заңгері Д.Бугалиева, соттың және аталған Дағдарыс орталығының мамандары  қатысты.

Іс-шараны аша отырып, Б.Дарибаев соттар өз кезегінде тұрмыстық  зорлық –зомбылықтың алдын-алу кезінде  олардың  тікелей субъектілеріне айналмауы тиістігін,  заңдылықты  жүзеге асыруда   өз қызметінде олар  аталған санаттағы істер бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының құқықтық аспектілерін қолданатындығын айтты.

Сонымен қатар,  тұрмыстық зорлық-зомбылықтың  қандай қауіп төндіретінін,  оның субьектісі ретінде  кім танылатынын және зорлық зомбылық түріндегі  қылмыстар туралы  статистикалық мәліметтерді айтты.  Осыдан басқа тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер арызданғанда Ішкі істер бөлімінің  қызметкерлеріне  қандай міндеттер  жүктелетіндігін  айтып, қатысушыларға  Қазақстан  Республикасының «Медиация туралы» Заңының қолдану мүмкіндіктерін түсіндірді.

Дағдарыс орталығының  директорының  міндетін  атқарушы Р.Набиева, Дағдарыс орталығы-қатыгездікке ұшыраған әйелдерге соның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына стационар жағдайында тегін әлеуметтік қызмет көрсететіндігін және  орталықтың негізгі мақсаты-арнайы әлеуметтік қызмет көрсету болып саналатындығын айтып, және оның бес бағыт бойынша: тұрмыстық; медициналық; психологиялық әлеуметтік-құқықтық; мәдениеттілік қызметтер жүргізетіндігін түсіндірді.

Астана қаласы ІІД инспекторы полиция капитаны А. Исмагулова және Қорғау» Жеке қорының заңгері Д.Бугалиева дөңгелек үстел қатысушыларын Астана қаласы ІІД және  Қорғау» Жеке қорының мақсаты мен міндеттері жайлы таныстырып, орталықтың тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап көрген әйелдерге көмек көрсету бойынша жұмысы туралы слайд-шоу көрсетті.

Іс-шараның соңында дөңгелек үстелге қатысушылар өзекті мәселерді  талқылап, талқыланған тақырып шеңберінде  өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі