Тұрғын үйді жалға алғаны үшін төленген өтемақыны өндіріп алу туралы талап арыз сотпен қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ «2535 әскери бөлімі» РММ-нің Т.-тан тұрғын үйді жалға алғаны үшін төленген өтемақыны өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.

Арызда, аудиторлық есепті жүргізу кезінде, қаржылық-шаруашылық қызметте, оның ішінде запастағы сержант Т.-қа тұрғын үйді жалға алғаны үшін төленген 1 495 000 теңге ақшалай өтемақы бойынша заң бұзушылық фактісі орын алған. Жауапкер Т.-тың зайыбы Т.-ның атында тіркелген жылжымайтын мүлік болып, оны 2014 жылы 16 маусымда сату арқылы бас тартқаны анықталған. Содан кейін, 2014 жылғы 24 қыркүйекте жауапкер Т. қажетті құжаттарды ұсына отырып, оны тұрғын үйге мұқтаж ретінде тану және тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы төлеу туралы баянат ұсынған. 2014 жылғы 29 қазандағы тұрғын үй комиссиясының хаттамасымен жауапкер Т. тұрғын үйге мұқтаж ретінде танылған. Соған байланысты, оған және отбасы мүшелеріне өтемақы төлене бастаған, барлығы 1 495 000 теңге төленген. Осылайша, жауапкер 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 72 бабына сәйкес, аталған өтемақыны алуға құқығы болмаған.

Әскери соттың шешіміне сай, жауапкер Т.-тан мемлекет пайдасына тұрғын үйді жалға алғаны үшін 1 495 000 теңге мөлшерінде төленген өтемақы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі