Тұрғын үй беру туралы арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы гарнизоны Әскери сотында азаматша С-ның «Алматы қаласының қорғаныс істері бойынша Департаменті» РММ-не қатысты тұрғын үй беру туралы азаматтық ісі қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, талапкер Алматы қаласы, Жетісу ауданының Қорғаныс істері бойынша Басқармасында өзінің әскери қызметін атқарып жүр және әскери еңбек өтілі 20 жылды құрайды. Қызмет атқару барысында, қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген, сондай – ақ жеке меншігінде жылжымайтын мүлік жоқ. «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңының 69 – бабына сәйкес, талапкер тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұр. «Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес, талапкер тұрғын үймен қамтамасыз етілуі тиіс. Сол себепті, Алматы қаласынан тұрғын үймен қамсыздандыруды сұрайды.

Жауапкер сот отырысына белгісіз себептермен келмеді, алайда, сот қа шақырту қағазы жолданған.

Жоғарыда аталғандардың негізінде, судья «Тұрғын үй туралы »ҚР заңына сәйкес,  азаматша С. кезек күту бойынша тұрғын үй алу керек. Кезексіз тұрғын үймен қамтамасыз етілуге негіз жоқ деп шешті.  

Аталған себептер негізінде, судья талап арызды қанағаттандырусыз қалдыруды шешті.

Шешім заңды күшіне еңген жоқ.  

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі