«Төрелік» ақпараттық жүйесінің қолданылуы жөнінде семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизоны әскери сотында сот қызметкерлеріне «Төрелік» ақпараттық жүйесінің қолданылуы жөнінде семинар өткізілді.

Кеңсе меңгеруші міндетін атқарушы А.А.Сагиндыков бұл ақпараттық жүйенің мақсаты, іске қатысушылардың, қандай да бір нақты іске қатысты қажетті ақпаратты мерзімінде алуын қамтамасыз болып табылатынын айтты.

«Төрелік» жүйесі бойынша түскен құжат алдымен электрондық базаға тіркеледі, одан кейін төраға іс құжаттарымен танысып, қызметкерлердің тізімінен құжатты орындаушыны таңдайды. Құжатты орындаушы қызметкер құжатты орындап, алдыңғы құжатпен байланыстырып, төрағаның келісіміне жібереді. Төраға келісім бергеннен кейін құжат автоматты түрде сот кеңсесіне түседі, кеңсе маманы құжаттың барлық реквизиттерін тексеріп, құжатты алушыға жолдайды. Бүгінгі күні соттарда барлық хат алмасулар «Төрелік» жүйесі бойынша жүргізіліп отыр. Бұл жүйенің басты ерекшелігі, аталған жобаны пайдалану артық қағазбастылықтан арылтады.   

Сонымен қатар, шара барысында туындаған сұрақтар талқыланып, семинарға қатысушылар өзара пікір алысты.

Шара соңында кеңсе меңгеруші міндетін атқарушы А.Сагиндыков сот қызметкерлеріне «Төрелік» ақпараттық жүйесі бойынша нұсқаулық талаптарының толық сақталуы керектігін ескертті.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі