Теледидар көруге келісе алмаған жауынгерлер...

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

10 наурыз 2015 жылы Талдықорған гарнизонының әскери сотында ҚР ҚК-нің 440 бабының 1-ші бөлігімен айыпталған 2484 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметкері қатардағы жауынгер З-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

21.02.2015 жылы сағат 08:02-де 2534 әскери бөлімінің оқу орталығының кіші иженерлік мамандарды дайындау ротасының жатын бөлмесінде қатардағы жауынгер З. теледидар көріп отырып, алдында теледидар көруге кедергі болған қатардағы жауынгер С-ға теледидар көрінбегендіктен басын түсір деп өтініш жасаған. Ал, С. болса оның айтқанына мән бермей отыра берген. Сосын З. өтінішің қайталап, соңғысы наразылық білдірген соң, болмашы нәрсені сылтау етіп, оң қолының жұдырығымен С-ның оң көзінің жағынан бір рет соққы беріп, денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келтірген.

Сөйтіп, З. бір-бірінің арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде, өзінің жалған үстемдігін көрсету мақсатында, әскери қызметшiлердiң арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерiн өрескел бұза отырып, 2484 әскери бөлімнің әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне, құқықтық тәртіптің нығайуына елеулі зиян келтірген.

Сот үкімімен З. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 440 бабының 1-ші бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған жиырма бес айлық есептік көрсеткіш 49 550 теңге айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне еңген жоқ.

 

Талдықорған гарнизонының әскери сотының баспасөз қызметі