Талдықорған гарнизоны әскери сотында дөнгелек үстел өтті...

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылы 20 сәуірде Талдықорған гарнизонының әскери сотында Қазақстан Республикасының ІІМ Алматы облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің және кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен «Сот жүйесі қызметкерлерінің тосын жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттері туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиынды кеңсе меңгерушісі Н.Д.Нурманова ашып, талқылауға түскен тақырып жайында қатысушыларды кеңінен ақпараттандырып өтті. Әскери соттың ғимараты мен аумағында тосын жағдайлар туындаған кезде сот жүйесі қызметкерлерінің іс-әрекеттері туралы, келушілердің соттарда болуының белгіленген тәртібін бұзу фактілерінің алдын алу және оған жол бермеу, судьялардың, сот жүйесі қызметкерлері мен сот процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті топтасып бұзу көріністеріне жол бермеу жайында түсіндірді.

Қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша пікірлерін білдіре отырып сұрақтар қойып, ортақ шешімін тапты.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі