Талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей гарнизоны әскери сотымен 2033 әскери бөлімінің әрекеттеріне шағымдану туралы  азаматтық ісі қаралды.

Өзінің талаптарын дәлел ретінде өтініш беруші, 2017 жылы маусымда ол Санкт-Петербург қаласына баруға жоспарлап, осы мақсатта алдын-ала  Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің интернет желісінен Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектелген борышкерлер тізімінде жоқ екендігін тексеріп әуе билеттерін сатып алған. 2017 жылы 18 маусымда «Урлютобе» шекара бекетінде Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына бақылау шекарасынан өту кезінде Қазақстан Республикасының территориясынан шығуына тыйым салуына байланысты тоқтатылып, жіберілмеген. Оның аталған факті бойынша шығуға тыйым салу бастамашыны көрсету туралы 2033 әскери бөлімінің командирінің атына берілген өтінішіне  2033 әскери бөлімі ондай мәліметтер жоқ екендігін, оған тиісті өкілеттік бар басқа инстанцияларға жүгінуін өтінді. Сол себепті мемлекеттік органның әрекетін заңсыз деп тануды сұрады.

 Сот мәжілісінде өтініш беруші 2017 жылы 18 маусымда Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекараны өту кезінде шекара жасағының қызметкерлерімен шығуына тыйым салынғаны туралы дереу хабарланғанын мойындады. Сонымен қатарол аталған жауапты алғаннан бастап өзі туралы мәліметтерді тек Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде тексергенін, басқа органдарға жүгінбегенін айтты. Сондықтан 2033 әскери бөлімінің «Урлютобе» шекара бекетінің бақылаушылардың әрекеттерінде азамат В. Резниковтың бостандығы мен қандай да бір құқықтарының бұзушықтар болған жоқ, олар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» заңы аясында әрекет жасады.

Сотпен, 2033 әскери бөлімінің әрекеттеріне шағымдану туралы өтініші қанағаттандырусыз қалдырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Әскери Соттың Баспасөз қызметі