Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін үкім шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола гарнизоны әскери сотында Астана қаласы, Сарыарқа ауданының қорғаныс істер басқарма басшысына ҚК 366-бабы 2-бөлігі, 190- бабы 3-бөлігі 2-тармағымен сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны  үшін майор "Б"-ға қатысты қылмыстық іс қаралды

Сотпен сотталушы Б. жеке пайдакүнемдік қызығушылығы ниетімен мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды тұлға бола тұра қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, азамат М.-ға жедел әскери қызметінің мерзімін жылжытуға көмектесу үшін соңғыдан бағасы 19 195 теңге тұратын балаларға арналған велосипед түріндегі параны талап ету арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасаған.

Дегенмен, сотталушы Б. аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасаумен тоқтамай, Астана қаласы Алматы ауданы бойынша қорғаныс істері Басқармасының әскери есебінде тұратын азамат А.-ның мүлкіне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған. Бұл жерде сотталушы Б., өз қызметтік өкілеттіктерін пайдалану арқылы, алдау және сенімге қиянат жасау жолымен ақша құралдарын ұрлауға бағытталған қылмыстық ойы пайда болған.

Ақмола облысы гарнизонының әскери соты сотталушы Б-ны, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған өмір бойына билік өкілі қызметін атқарушы қызметтерде жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 2 545 200 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалған.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 49-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сотталушы Б.,  «майор» әскери шеңінен айырылған.

Жазаның түрі мен мөлшерін анықтау кезінде сот жасалған қылмыстың ауырлық санатын және сипатын, сондай-ақ сотталуышының өз кінәсін мойындауы мен жасаған әрекеттеріне өкінуін ескерді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі