«Сотта қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбына семинар-кеңес өткізілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық  істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында «Сотта қауіпсіздікті қамтамасыз ету»,- тақырыбына семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шараға кеңсе меңгерушісі А.К.Шинжанова, соттардағы сыбайлас жемқорлықты алдын алу бөлімінің бас маманы С.Асильбеков, мамандар және Астана қаласының мамандандырылған күзет қызметі Басқармасының қызметкерлері взвод командирі полиция капитаны С.Шакенов қатысты.

Семинар барысында ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2016 жылғы «3» мамырдағы және ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылгы «5» мамырдағы бірлескен бұйрығымен бекітілген «Келушiлер ушiн өткiзу және объектiшiлiк режимдердi қамтамасыз ету жөніндегі қағидалары»  талқыланды.

Кеңсе  меңгерушісі А.Шинжанова өз сөзінде семинарды өткізудің мақсаты сотта күзет қызметі қызметкерлерінің қырағылығын күшейту, сотқа кіргізу-өткізу режимін және  рұқсатнамалық тәртіпті қатаң сақтау қажет екендігін айтты.

Семинар –кеңеске келген Астана қ. МКҚБ-ның қызметкерлері кездейсоқ жағдай орын алғанда теріс әрекетке әкеп соғатын жағдайлардың алдың-алу үшін сот приставтарымен бірлесе жылдам әрекет ету қажеттілігін айтты.

Сот приставы Д.Мыңбай қатысушыларға соттар аумағына және ғимаратына атыс және суық қару, жарылғыш, жанғыш, тез тұтанатын және  қоңырау /хабарлама/ жауап функциялары бар телефондарды қоспағанда, мобильдік құрылғыларды (интернет модульдері бар ұялы телефондар, смартфондар, планшеттер т.б), машиналық ақпарат жеткізгіштер  алып өтуге  тыйым салынатындығын  түсіндірді.

Семинар соңында сот ғимаратында қауіпсіздік шараларын және өткізу режимін  күшейту туралы  шешім қабылданды.

Қайнар: 
Әскери соттын баспасөз қызметі