Сотпен ақшалай компенсацияның айырмашылығы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен талапкер "М" жауапкерлер ҚР Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің ММ-не, ҚР Қорғаныс Министірлігінің ММ-не және 21... әскери бөлімінің РММ-не 2013 жылдың бағасымен жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйдің орнына ақшалай өтемақы туралы 21... әскери бөлімнің бұйрығын заңсыз деп тану және жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйдің орнына ақшалай өтемақының айырмашылығын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, талапкер 21... әскери бөлімінде қызмет атқарған. Еңбек өтілі күнтізбелік есептемемен 20 жылдан артық мерзімді құраған. 2014 жылы ҚР жаңа тұрғын үйлерінің орта нарықтық бағасы 194100 теңге есеппен, талапкерге 13 975 200 теңге қаржылай өтемақы төленген. Баянат 2014 жылы берілген және ҚР орта нарықтық есеп 2014 жылға 218481 теңгені құраған. Өтемақы айырмашылығы 1 316 574 теңгені құраған.

Тараптардың түсініктемесін тыңдап, іс құжаттарды зерттеп, сот талап арызды толығымен қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Әскери Соттың Баспасөз қызметі