Сот залынан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе гарнизонының әскери сотымен талап қоюшы ҚР Қорғаныс министрлігінің жауапкер Т.Р.Куатоваға қарсы берген басқа тұрғын үй-жай берiлместен оның барлық жанұя мүшелерімен бірге жатақханадан шығару туралы  азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында анықталғаны,  жауапкер Куатова Т.Р., ҚР Қорғаныс министрлігінде  еңбек қатынасында болмаған және қазірде еңбек қатынасында жоқ, № 500 жатақхананың бөлмесіне жалдау шартынсыз тұрып жатыр.

Талапкер өз тарапынан жауапкерге 2016 жылғы наурыздың 1-де тұрып жатырған бөлмені босатуы туралы және коммуналдық төлемдерді төлеу қажет екендігіне ескерту хатын жолдаған, алайда, қазіргі кезде Куатова Т.Р. қызмттік тұрғын-үйді бостауды қаламайды.

Осыған байланысты, Ақтөбе гарнизоны әскери сотының 2016 жылғы шілденің 29-дағы шешімімен, ҚР «Тұрғын-үй қатынасы туралы Заңының» 107 бабы, 6 тармағына сай, егерде тұрғын-үйге өз еркімен кіріп алған болса жалдаушы мен оның жанұя мүшелерін оған басқа тұрғын үй-жай берiлместен оның барлық жанұя мүшелерімен бірге осы  қызметтік пәтерден шығарылға жатады дап таныды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі