«Сот процестерінде бейне-дыбыс жазбасын қолдану тәртібі» атты тақырыпта семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен гарнизоны әскери сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы Ж.Бактиярова сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сот процестерінде  бейне-дыбыс жазбасын қолдану тәртібі» атты тақырыпта кезекті семинарды өткізді.

Ж.Бактиярова семинарды аша отырып, «Төрелік» ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері мен басымдықтарын айтып берді. Аталған сервис ақпараттық мағлұматтардың алмасуына жедел мүмкіндік беріп, сенімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, автоматтандырылған есепті жүргізу мен процесуалдық мерзімдердің сақталуын бақылау, іс жүргізуді жеделдету сияқты мәселелерді шешетінін айтты.

Сондай-ақ, Ж.Бактиярова бейне-дыбыс жазбаны енгізу, сот төрелігін жүзеге асыру үрдісін жеңілдетіп, сот өндірісінің автоматтандырылып және жандандырылуына септігін тигізіп, бюджет қаражатының үнемделгенін айтып өтті. 

Бас – маман –сот отырысының хатшысы әр тағайындалған іс бойынша, сот отырысына тараптардың келу, келмеуіне қарамастан жүйені қолдану қажеттілігін ерекше атап өтті.  

Семинар соңында қатысушылар сот отырысы хаттамаларын жасалу тәртібі мен мерзімін талқылап, «Төрелік» АЖ-де тіркеу тәртібіне, судьямен сот отырысы хатшысының сот отырысының хаттамаларын электронды қолтаңбалармен куәландыруға тоқталды. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі