«Сот отырысында бейне-дыбыс жазбасы жүйесін қолдану» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Инновациялық технологияларды қолдану  сот төрелігінің мінсіз болуына бағытталған ұтымды бағыттардың бірі болып табылады. Оның өзі бюджет қаражатын үнемдеп, сот процестерінің ұзартылуын болдырмайды.

Сот отырыстарының бейне-дыбыс жазбаға жазылуын енгізу Заң үстемділігіне негізделген барлық азаматтарға қолжетімді, жария, мобильді сот төрелігінің қалыптасуына бағытталған қадамдардың бірі болып табылады.

Бүгінгі күні бейне-дыбыс жазбаларын барлық сот процестерінде қолдану міндетті тәртіп болып келеді.

Бас маман-сот отырысының хатшысы Ж.Бактиярова сот қызметшілері арасында «Бейне-дыбыс жазбасы жүйесі» бағдарламасын қолдану аясында семинар өткізді. Өзінің сөзінде сот отырыстарында бейне-дыбыс жазбасын қолдану тәртібі туралы айтып, бұл бағдарламаның сот отырыстарының техникалық жазылуын қамтамасыз етуге бағытталғанын айтып көрсетті. Аталған жұмыстың нәтижесі ол сот отырысының басталуы, сот отырысының аяқталуы, істің атауы, сот құрамы көрсетілген сот отырысының хаттамасы болып келеді.

Сот отырысы аяқталған соң, жазылған сот отырысы компакт –дискіге сақталып, сот отырысы хатшысымен сот отырысының сапалы жазылуын анықтау мақсатында, тыңдалып қаралады. Содан кейін іс материалдарына тіркеледі.

Мұның өзі сот отырысының хаттамасын жазуға деген уақытты үнемдеп, қағаз айналымын азайтады.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі