Сот оқуға кеткен шығынды мемлекет пайдасына өндіріу туралы бұйрық шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ Академиясы» РММ-сі борышкер «А» -тен  оқуына жұмсалған  1 713 920 теңге қаражатты мемлекет пайдасына өндіру туралы арызбен сотқа жүгінген.

Іс құжаттарына сәйкес, «А» 2015  жылдың 26 шілдесінен 2017 жылдың 05 тамызы аралығында Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ Академиясында оқыған.

2015 жылдың 26 шілдесінде борышкер «А» мен Қазақстан Республикасының ҰҚК ШҚ Академиясының басшылығы арасында Келісімшарт жасалынған. Бұл Келісімшартқа сәйкес, «А» әскери оқу орнын бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік құрам лауазымдарында күнтізбелік есеппен он жылға әскери қызметті өткеруге міндетті.

2017 жылы 05 тамызында борышкер «А»  Қазақстан Республикасы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Заңының 26 бабы 1 бөлігінің 13 тармақшасына сәйкес теріс себептермен әскери қызметтен шығарылған.

Шымкент гарнизоны әскери сотының сот бұйрығымен борышкер «А»-тен мемлекет пайдасына оқуына жұмсалған 1 713 920 теңге және мемлекеттік баж салығы өндірілген. 

Сот бұйрығы заң күшіне еңген жок.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі