Сот медиациясы тәртібімен азаматтық іс тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен гарнизоны әскери сотымен М.Аргизбаеваның Б.Дулатбаевтан қарыз соммасын және моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі сот медиациясы тәртібімен  қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, талапкер М.Аргизбаева Б.Дулатбаевтан қарыз соммасын және моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап арызымен сотқа жүгіне отырып, 2016 жылдың 23 шілдесінде жауапкер Б.Дулатбаев одан 144 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатты қарызға алғанын және оны 2016 жылы 23 тамызда толық көлемде қайтаруға міндеттенгенін көрсеткен. 2016 жылы қыркүйек айында жауапкер қарыздың 60 000 теңге соммасындағы бір бөлігін ғана қайтарған. Ал қалған 84 000 теңге мөлшеріндегі қарыз соммасын қайтарудан жалтарған және сол үшін талапкердің денсаулығы нашарлаған. Сотта талапкер жауапкер Б.Дулатбаевтан 84 000 теңге мөлшеріндегі қайтарылмаған қарыз соммасын және 50 000 теңге соммасындағы моральдық зиянды, сонымен қатар 1340 теңге соммасындағы мемлекеттік бажды өндіріп алуды сұраған.

Істі қарау барысында сотқа қатысушы тараптардан медиация тәртібімен дауды шешу туралы келісім және сот алдында сот медиациясын өткізу туралы өтінішхат түсті.

Медиация тәртібімен дауды шешу туралы келісімнің талаптары қатысушы тараптардың құрастырылғанымен және олармен келісімге қол қоюы арқылы көрсетілген.

Өскемен гарнизоны әскери сотының ұйғарымымен азаматтық іс медиация тәртібімен дауды шешу туралы келісіммен қысқартылды.

Сот ұйғарымы заңдық күшіне еңген жоқ. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі