Сот қосымша демалыс беруден бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери сотында арыз беруші Н. қосымша еңбек демалысын бермегені үшін 12740 әскери бөлім басшылығының әрекеттерін заңсыз деп тану және 12740 әскери бөлім басшылығына аталған 9 тәулік еңбек демалысын беруді міндеттеу туралы азаматтық ісі қаралды. 

Арыз беруші 17.03.2017 жылы  № 1468-Х11 30 маусым 1992 жылғы «Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңына сілтеме жасап, оған 9 тәулік қосымша еңбек демалысын беру жөнінде әскери бөлім басшылығына баянатпен жүгінген, алайда бөлім басшылығы бұл ұсыныстан бас тартқан.

Арыз беруші 1984 жылдан 2009 жылға дейін нақты Қызылорда қаласында, яғни экологиялық дағдарыс аймағында тұрған және ол экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтар санатына жатқызылған. Осыған сәйкес экологиялық жеке куәлігі бар. Куәлік өтемақыға және жеңілдікке құқығы бар екенін растайтын құжат болып табылады.

Алайда, ҚР АК-нің аталған талаптарын ескерсек, Н. 2009 жылдан бастап  Қызылорда қаласының тұрғыны немесе басқада экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен аймақ тұрғыны болып саналмайды, сонымен арыз беруші аталған Заңның 13 бабына сәйкес осы адамдар санатына жатпайды.  

Сот, осы анықталған жағдайларды ескере отырып, арызды толығымен қанағаттандырусыз қалдырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі