Сот коммуналдық қызметін тұтыну берешегін өндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен арызданушы РММ «Үшарал ауданының пайдалану бөлімі» ҚР ҚМ борышкерден 71 296 тенге коммуналдық қызметін тұтыну берешегін өндіру туралы арызы қаралды.

Іс материалдарымен анықталғаны, борышкер «Б» әскери қалашықта тұрады. Борышкер көрсетілген қызметке белгіленген тәртіппен қосылған. Борышкердің коммуналдық қызмет берешегі 71 296 теңгені құраған.

Қазақстан Республикасының АІК 135 бабының 11 тармақшасына сәйкес, іс жүзінде тұтынылған қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалары) үшін жария шарттардың, сондай-ақ төлеу мерзімі жеткен, белгіленген тарифтерге сай көрсетілген қызметтер үшін өзге де шарттардың негізінде берешекті өндіріп алу туралы.

Сот, «Б»-тан мемлекет пайдасына коммуналдық қызметін тұтыну берешегін өндіру үшін сот бұйрығын шығарды.

Сот бұйрығы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Әскери Соттың Баспасөз қызметі