«Сот кабинетінің инновациялық тиімділігі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында Ұлттық  Ұланның  әскери бөлімдерінің заңгерлерінің,  генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы Республикалық «Жас Ұлан» мектебінің,  «Жас отан»  Жастар қанаты қоғамдық бірлестігі-үкіметтік емес ұйымының  қатысуымен  «Сот кабинетінің   инновациялық тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында Сот кабинетінің жаңа мүмкіндіктері және артықшылықтары туралы ақпарат беріліп, сервиске тіркелу/кіру, сотқа өтініштер мен қолдау хаттарды, апелляциялық және кассациялық шағымдарды сотқа жолдау, сот істерін іздеп қажетті сот актілерін жүктеп алу, Талдау форумына өту секілді операцияларды орындау алгоритімі көрсетілді.

Сонымен қатар «Сот кабинеті» арқылы соттар қызметін сырттай бағалау сауалнамасы жүргізіліп жатқандығы айтылды. Жасырын сипатта жүргізілетін сауалнама сот ісін жүргізуге қатысушылардың сот талқылауларын ұйымдастыру және өткізу сапасына қанағаттану дәрежесін зерттеуге бағытталғандығы айтып өтілді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар пайдалы ақпарат алғаны үшін іс-шараның ұйымдастырушыларына алғыстарын білдіріп, сотқа жүгіну қажет болған кезде Сот кабинетінің мүмкіндіктерін пайдаланатынын айтты.  

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі