«Сот кабинеті» тақырыбында семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей гарнизоны әскери сотында «Сот кабинеті»  тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға Семей гарнизоны әскери сотының қызметкерлері, прокуратура мен әскери бөлімдер, әскери құрылымдардың өкілдері, әскери бөлімдердің заңгерлері қатысты.

Семинар басында бас маман А.П.Марзатаева «Сот кабинеті» электрондық сервисі жөніндегі мәліметтер келтірді. Инновациялық технологиялардың қолдану мүмкіндіктері мен оларды пайдаланудағы оң тұстары туралы, бейненұсқаулықпен көрсетіп, айтты. Электрондық жүйелер ақпараттарды жедел алумен, уақыт пен қаражатты үнемдеумен, сот төрелігіне қол жеткізуді оңайлатумен сипатталатыны айтылды.

Бұл орайда, бас маман А.П.Марзатаева жалпы «Сот кабинеті» электронды жүйесі, оның тікелей мақсаты және «Сот кабинеті» арқылы қандай іс-шараларды жүзеге асыруға болатындығы жайлы толығымен мағлұмат берді. Бұл жоба, жалпы электрондық қатынас арқылы сот ісін жүргізудегі оңтайландыруды жүзеге асырып, сот саласын барынша жылдам және ашық етуге бағытталған деп өз ойын білдірді.

Іс-шара шеңберінде аталған тақырыптың өзекті сұрақтары мен мәселелері бірлесе талқыланды.

Кездесу барысында іс-шараға қатысушылар сот жұмысындағы жаңа ақпараттық онлайн қызметтердің кең көлемде қолданылатынына сенімдерін білдірді.

Семинар соңында бас маман  қатысушыларға алғысын білдірді.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі