«Сот кабинеті» электрондық сервисі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңа технологияларды енгізу – уақыт талабы, сондықтан да соттардың мақсаты жұртшылыққа сотқа сервис арқылы жүгінуге болатындығы туралы ақпаратты жеткізіп, мемлекеттік органдармен өзара қарым қатынасты орнату болып табылады.

Жеделділік пен ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуде, сондай-ақ азаматтардың электрондық сот ісін жүргізуге қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, республика соттарында «Сот кабинеті» сервисі қызмет атқаруда.

Осы орайда, Өскемен гарнизоны әскери соты Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы 5518 әскери бөлімінің ғимаратында «Сот кабинеті» электрондық сервисі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Сот отырысының хатшысы қатысушыларды талап арыздарды, арыздарды, жүгінулерді, шағымдарды, сұрау хаттарды «Сот кабинеті» сервисі арқылы жіберу тәртібімен таныстырды.

Бас маман - сот отырысының хатшысы Ж.Бактиярова өзінің сөзінде, «Сот кабинеті» сервисі арқылы жеке және заңды тұлғалар үйден немесе кеңседен шықпай-ақ ғаламтор арқылы арыздарын беруге, сот отырысының қатысушылары қашықтықтан істің қозғалысыны бақылауға мүмкіндік алатындығын айтып көрсетті. Ең бастысы – электронды цифрлік қолтаңбаның болуы қажет. Оны Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады.

Өткізілген шара соңында сот маманы тақырып төңірегінде қатысушылардың сауалдарына жауап берді. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі