«Сот кабинеті» электрондық сервис жөнінде» түсіндіру жұмыстары өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот төрелігінің қолжетімділігін, ашықтығын және айқындылығын арттыру мақсатында Ақмола гарнизоны әскери соты «Сот кабинеті» электрондық сервис бойынша» әскери бөлім ғимаратында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кеңсе меңгерушісі А.Кульманова әскери қызметшілерге «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы өтініштерді, талап арыздарды, және апелляциялық шағымдарды жіберу тәртібімен таныстырды.

Кеңсе меңгерушісі өз сөзінде сот жүйесі қоғаммен өзара байланысудың заманауи және ашық форматтарын енгізу арқылы дамып келе жатқанын атап өтті. Сот кабинеті - сот органдарының қызметтерін алудың онлайн сервисті бірыңғай терезесі. Өтініш беруші кез келген уақытта өтініш бере алады, сот құжатын қарайды, соттан хабарлама және шақырту алады, сот актілерін бастырып шығарып, сот құжаттарының қозғалысы мен олардың мәртебесін бақылап, Интернет арқылы мемлекеттік баж төлейді.

Шара соңында әскери қызметшілер «Сот кабинеті» бойынша сұрақтар қойылып, жан-жақты жауаптар алынды.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі