Сот ғимаратында ішкі тәртіптің сақталуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды гарнизоны әскери сотында, осы соттың аға сот жасауылы Т.Б. Шөпенов сот қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының АІЖК-нің 19 бабы талаптарын орындауға қатысты семинарлық оқу өткізді.

Семинар барысында сотқа келушілердің сот ғимаратына аудио жазба функциясы бар техникалық құралдарын өткізулеріне қатысты түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып, ол бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу қажеттігі туралы айтып өтті.

Ол, әскери сотқа келуші тұлғалардан (аудио жазба, интернет модулі, бейне жазба функциялары бар) яғни, көпфункцияналды техникалық құралдарды уақытша алынуға жататынын айтып өтті.

Соңында семинарға қатысушылар сот ғимаратында ішкі тәртіптің сақталуы судьялардың, сот қызметкерлерінің және басқа да сотқа қатысушылардың қауіпсіздіктерінің бірден-бір кепілі болып табылады деген шешімге келді.  

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі