«Сот бұйрығын шығару туралы арыздардың электронды форматта қаралу тәртібі»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды гарнизоны әскери сотында «Сот бұйрығын шығару туралы арыздардың электронды форматта қаралу тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Семинар барысында сот төрағасы А.Исабеков сот бұйрығын электрондық форматта  шығару туралы арыздарды қарау әдісін толық түсіндіріп, бұл жаңашылдық арыздың түскен және тіркеу уақытынан бастап оған қатысты сот актісінің заңды күшіне еніп орындау үшін жолдағанға дейін аралық электрондық іс жүргізуді қарастыратынын атап өтті.   

«Қазіргі замандағы технологияларды сот жүйесіне еңгізу сот ісін жүргізуді жеңілдетіп, сот қызметкерлерінің тұлғалармен байланысын азайтады,  сонымен қатар  тұлғалардың уақыттары үнемделіп сот жүйесінің айқындылығы мен  қолжетілімдігі қамтамасыз етіледі», - деді А.Исабеков.

 Семинар  тақырыбы бойынша қатысушылардың туындаған сұрақтары талқыланып, оған толық жауаптар алынды.

Семинар соңында сот төрағасы қатысушыларға сот бұйрығын 100% электрондық формат  арқылы іс жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі