Сот актілері мен хаттамаларын уақытылы енгізу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизоны әскери сотында «Сот актілерін және хаттамаларын уақытылы енгізу» тақырыбында оқып үйрену сабағы өтті. 

Сот төрағасының м.а. Б.Каипов өз баяндамасында  судьялар мен сот қызметкерлеріне сот актілері мен хаттамаларды дер кезінде «Төрелік» ақпараттық жүйесіне енгізіп отыруды және сот актілерін іс бойынша тараптарға уақытылы беру қажеттігін атап өтті. 

Кеңсе меңгерушісі м.а. А.Сагиндыков соттағы сот актілері мен хаттамаларының  енгізілу жағдайына ақпарат беріп, сот қызметкерлеріне заңда белгіленген талаптарды және өздеріне белгіленген қызметтік міндеттерін қатаң сақтауды ескертті.   

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікірлерімен алмасты.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі