Сот ақшалай өтемақыны өндіру туралы бұрыңғы әскери қызметшінің талабын қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери соты талапкер Щ. жауапкерлер «ҚР ҰҚК Шекара қызметі» ММ-сі және «20... әскери бөлім» РММ-нің алты адам жанұя құрамына жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйдің орнына 24 119 640 тенге ақшалай өтемақыны төлеуден  бас тартқан іс-әрекеттерін заңсыз деп тану және алты адам жанұя құрамына жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйдің орнына ақшалай өтемақыны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, талапкер 20... әскери бөлімінде 20 жылдан астам әскери қызметін атқарған. Жабық әскери қалашықта орналасқан қызметтік пәтермен қамтамасыз етілген. Әскери қызметін өтеп жүрген кезінде ол жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйдің орнына ақшалай өтемақы төлеуге баянатпен жүгінген. Алайда, оның әскери қызметтен босатылуына байланысты, өтемақы төлеуден бас тартылған. Әскери бөлім командиріне өтінішпен жүгінгеннен нәтиже болмаған.

Талапкердің заңды талаптарына қарамастан, оның ақшалай өтемақы алуға заңды құқығын іске асырмай қызметінен босатылған.

Жауапкерлердің өтемақы төлеуден бас тарту іс-әрекеттері сотпен заңсыз деп табылды.

Сотпен талапкердің талап-арызы ішінара қанағаттандырылды. 16 077 600 теңге өтемақы сомасы ҚР ҰҚК Шекара қызметінен өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.  

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі