Әскери соттың төрағасы әскери институттың жеке құрамымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әскери соттың төрағасы Сәкен Абдолла жұмыс сапарымен «Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтына» барып, оның басшылығы және жеке құрамымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында С.Абдолла Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында көрсетілген 5 басымдылықтарына қатысушылардың назарын аударып, басты бағдарламалық құжатта таяу жылдарға арналған дамудың маңызды басымдылықтары белгіленгенін айтып өтті. Сондай-ақ, ол сот жүйесіне деген сенімді арттыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісінде оның рөлін күшейтуге ерекше көңіл бөлініп жатқандығына, электрондық сот ісін жүргізуді дамыту, оның ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыруға бағытталған шаралар қабылданып жатқанына тоқталып өтті.

Әскери сот төрағасы Жоғарғы Сотқа бекітілген Мемлекет басшысының Ұлт Жоспарының 11 қадамын іске асырылуы туралы айтты. Атап айтқанда, сот ісін жүргізуге азаматтардың қолжетімділігін, бітімгершілік рәсімдері институтын кеңейту, үш сатылы сот төрелігіне өту, заңнамаларға өзгерістер  енгізу. Оған қоса, судья лауазымына үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды іріктеу тетіктерін қатаңдатылғанын айтып өтті.

«Сот жүйесінде елеулі өзгерістер орын алып отыр. Ең басты жаңашылдықтардың бірі – ол бес сатылы сот төрелігінен үш сатылы жүйеге көшу. Аталған шаралар соттағы әуре-сарсаңды алдын алып, сот шешімін қабылдау мерзімдерін қысқартты», - деді төраға.

Оған қоса, ол сот жүйесіне жаңа ақпараттық технологиялар енгізілгенін, олар жұмысты оңтайландырып, сот ісін жүргізудің ашықтығын қамтамасыз етіп, халықтың сот жүйесіне қолжетімділігін жеңілдеткенін айтып өтті.

Сонымен қатар, төраға өз сөзінде қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері қозғалған Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі идеялары мен мақсатын айтып, әрбір қазақстандық үшін мақаланың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараға қатысушылармен әскери соттың қызметіне қатысты, әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуы және еңбек даулары бойынша қойылған сұрақтарына сот практикасынан мысалдар келтіре толық жауаптар қайтарылды.

Кездесуді қорытындылай келе, Әскери сот төрағасы ағымдағы жылы Әскери соттардың құрылғандығына 25 жыл толғанын айтып, әскери әділет жүйесінің қалыптасуы мен дамуының тарихына қысқаша тоқталып өтті.

Іс-шара тәмамдалған соң сот төрағасы жоғарғы әскери оқу орынның материалды-оқу базасымен және ғылыми зертханаларымен танысты.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі