Әскери қызметшінің құқығы қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау гарнизоны әскери сотында талапкер Х. жауапкер ҚР ҰҚК ШҚ Жағалау күзеті «2018 әскери бөлімі» РММ-нен тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығының өтемақысын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғаны, 2018 әскери бөлімінің тұрғын үй комиссиясының хаттамасымен тұрғын үйді өтеусіз жекешелендірудің орнына өтемақы алуға Х.-ның құқығы танылды.

2018 әскери бөлімі командирінің 22.08.2016 жылғы бұйрығының №1 қосымшасына Х. ақшалай өтемақы төленетен әскери қызметшілердің тізіміне енгізілген. Алайда жауапкермен ақшалай өтемақы осы күнге дейін төленбеген, орын алған жайт талапкерге сотқа талап арызбен жүгінуге мәжбүр болған .

Ақтау гарнизоны әскери сотының шешімімен талапкердің талап арызы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі