«Әскери қызметшілердің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола гарнизоны әскери сотының төрағасы А.Бабатовтың төрағалық етуімен «Әскери қызметшілердің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану»  тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға Ақмола гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры Б.Байкельдиев және 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қатысты.

Сот төрағасы өз сөзінде, билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің елеулі түрде бұзылуына әкеп соқтыратындығын және бұл қылмыстың ерекше түрі болып табылатынын атап өтті. Әскери соттар осындай қылмыстық істерді әскери бөлімдерде көшпелі сот отырыстарында қарап, үкімді әскери қызметшілердің қатысуымен жариялап, осы қылмыстардың қандай жағдайға әкеліп соқтыратынын көрсетеді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда әскери қызметшілер арасында билікті асыра пайдалану өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын айтты. Осы мәселені шешу үшін сот төрағасымен тәрбиелік және профилактикалық жұмыстар жүргізу,  әскери қызметшілер арасында әскери тәртіпті бақылауды күшейту ұсынылды.

Іс-шараның соңында қатысушылармен аталған қылмыстың шешу жолдары талқыланып, өз кезегінде 5573 әскери бөлімінің командирі   өткізілген семинар сабағына өз алғысын білдірді.

 

Қайнар: 
Әскери Соттың Баспасөз қызметі