Әскери қызметшіден мемлекет пайдасына қарыз сомасы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау гарнизоны әскери сотында «Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті» РММ-нің талап арызы бойынша жауапкер «М»-нен мемлекетке келтірілген шығынды өндіру туралы азаматтық іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Талапкер талап арызында, негізі жауапкерге 130 689 теңге көлемінде бір сауықтыру жәрдемақысы мен 88.861 теңге жалақысы төленудің орнына 261 378 теңге көлемінде екі сауықтыру жәрдемақысы қате төленгенін көрсеткен. Бүгінгі күні жалақысынан жауапкердің келісімі арқылы мемлекетке келген шығын ішінара өндірілген. Осыған орай, соттан қалған 11 915 теңгені өндіруді сұраған.

Ақтау гарнизоны әскери сотының шешімімен талапкердің талап арызы толығымен қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі