Әскери қызметшіден киілу мерзімі бітпеген киім-кешектің қарызы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей гарнизонының әскери сотында оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен талапкер 32363 әскери бөлімі П.Афанасовтан 36193 теңге мөлшерінде  киілу мерзімі бітпеген киім-кешектің бағасын ақшалай түрде өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Өзінің талаптарын дәлел ретінде талапкер, әскери қызметкер П. Афанасов, Қазақстан Республикасының "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 26 бабы 1 тармағы 13 тт. сәйкес  теріс себептермен үш және одан да көп сағат бойы дәлелсіз себептермен қызметте болмағаны үшін әскери қызметтен шығарылған. Әскери қызметтен шыққан кезде жауапкермен 36193 теңге құрайтын киім-кешектің қарызы өтелмеген.

"Әскери мүлiктi есепке алу және есептен шығару ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 Қаулысына сәйкес, әскери қызметтен теріс себептермен  босатылған әскери қызметшілермен алынған, кию мерзімі бітпеген заттай мүліктері есептен шығарылмайды.

Осыған байланысты, сотпен талапкердің талаптары қанағаттандырылып,  36193 теңге мөлшерінде киілу мерзімі бітпеген киім-кешектің бағасы мемлекет пайдасына өндірілген.

Шешім заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі