Әскери қызметке қайта орналастыру туралы талап-арыз қанағаттандырусыз қалдырылды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер «К» жауапкерлер «Онтүстік» Өңірлік қолбасшылығы, 16752 әскери бөліміне әскери қызметке қайта орналастыру туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Соттың анықтағаны, «Онтүстік» Өңірлік басқармасы бастығынын 30 қараша 2013 жылғы бұйрығымен талапкер «К» 16752  әскери бөлімінің қаржылық қызмет бөлімінің басқарма бастығы қызметіне тағайындалғаны. 12 сәуір 2016 жылғы бұйрығымен Қазақстан Республикасы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 26 б. 1 т. 13т. әскери қызметшінің келісімшарттың талаптарын жүйелі түрде бұзғаны үшін теріс себептермен әскери қызметтен босатылған.

Талапкер «К» әскери қызметін атқарып жүрген барысында бірнеше алынбаған жазалары болып, теріс қылық жасаған. Ол жөнінде қызметтік тергеу жүргізіліп, кінәсі айқындалып,аттестациялық комиссия отырысында қаралып, нәтижесінде  «К» теріс себептермен әскери қызметтен босату туралы шешім қабылданған. 

«К» әскери қызметтен босату кезінде Қазақстан Республикасы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының, Тәртіптік  Жарғының талаптары сақталған.

Сондықтан,  соттың шешімімен талапкердің  талап арызы толығымен қанағаттандырусыз қалдырылды.

Шешім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі