«Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында «Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар» тақырыбында семинар сабағы өтті. Іс-шараға төрағаның міндетін атқарушы Б.Дарибаев, судья А.Каиров., кеңсе меңгерушісі А.Шинжанова.,  ҚР Ұлттық Ұланының  5573 әскери бөлімінің  тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмысы бойынша командирінің орынбасары Е. Балгимбаев , ҚР Ұлттық Ұланы 5573 әскери  бөлімінің құқықтық сұрақтар бойынша командирінің көмекшісі С.Р.Досымбеков және сот мамандары қатысты.

Семинар барысында судья Б.Дарибаев әскери қылмыстар жасаудың негізгі кезеңдеріне, олардың басқа жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтан айырмашылығына тоқталып, әскери қылмыстық құқық бұзушылық қылмыстық заң жүйесінде маңызды орын алады және оларға ерекше белгілер тән болғандықтан,  олар адамға, мемлекеттік қызметке, қоғамдық қауіпсіздік, халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың  белгілерімен бірдей  болудан алыс емес екендігін айтты. Әскери қылмыстардың ерекшеліктері болып: әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы әрекетті бағыттау, әскери қызметшілермен немесе әскерге міндетті қызметшілермен яғни арнайы субъектімен оқу немесе тексеру жиындарын өту кезінде әскери құқық бұзушылық жасау болып табылады.

Кез келген әскери қылмыс осындай белгілердің жиынтығы ретінде сипатталады. Әскери қызмет атқарудың тәртібін орындау барлық әскери қызметшілер үшін міндетті болып табылады, оны  қатаң және дәл сақтау әскери тәртіптің мәнін құрайды. 

Іс-шара соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, туындаған сұрақтар бойынша түсіндірмелер берілді.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі