Әскери құқық қорғау орган басшыларына Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы түсіндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы М.Алдабергенов Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша кеңес өткізді.

Кеңеске Ақтау гарнизонының әскери прокуроры мен әскери құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Сот төрағасы кеңесті ашып, Елбасы Жолдауындағы бес басымдық бойынша тереңірек тоқталып, жан-жақты түсіндірді. Соның ішінде, жекеменшікті қорғауға, бұқаралық кәсіпкерлікті қолдауға, салық-бюджет саясатын жақсартуға, бюджетті оңтайлы қолдануға және т.б. мәселелер бойынша сот практикасы сарапталуы, заңнама қайта тексерістен өтуі және тиісті органдарға кешенді ұсыныстар әзірленуі тиіс екендігін атап өтті.

Сондай-ақ,  әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің  қатарына қосылып, бай да қуатты елдер мен иық түйістірудегі мақсатымызға жету міндеті  тұрғанын да тілге тиек етті.

Шара барысында кеңеске қатысушылар Қазақстан Республикасы Елбасы жолдауында көрсетілген міндеттерді кеңінен талқылады.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі