Әскери бөлімде «Сыбайлас жемқорлықпен күресу» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының  заң басқармасымен дайындалған  әскери бөлімдердің командирлерімен,  өңірліқ қолбасшылығының командирлері мен  олардың көмекшілерімен, заң  қызметтерінің  бастықтарымен  оқу-әдістемелік   жиын  өткізу кестесіне сәйкес 21.09.2016 жылы 6506 әскери бөлімінде  Шымкент гарнизоны әскери сотының судьясы Б.Каипов   «Сыбайлас  жемқорлықпен күресу» татырыбында  семинар сабағын өткізді.

Семинар сабағына  әскери бөлімдердің  келісім шарт  бойыша  әскери қызметкерлер, командирлер мен заңгерлер және  тәрбие жұмысы жөнінде орынбасарлар қатысты.

Семинар барысында судья Б.Каипов жоғарыда аталған тақырып бойынша баядамасын оқыды.

Семинар өткізу мақсаты Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл» туралы Заңының кағидаларын түсіндіру  және заңға қайшы іс-әрекеттерді болдырмау болды.

Судья әскери қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары және сыбайлас жемқорлық құқықбузүшылықтың  салдарларын жою туралы  түсіндіріп, сыбайлас жемқорлықа  қарсы  іс-қимыл субъектілері мен  олардың өкілеттіктерін  атап өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар осы тақырып бойынша  проблемалық сұрақтар бойынша түсіндірулер  беріліп, өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі