Шымкент гарнизоны әскери сотында «Істердің, талап арыздардың мемлекеттік тілде рәсімделуі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизоны әскери сотында «Істердің, талап арыздардың мемлекеттік тілде рәсімделуі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Шымкент гарнизоны әскери сотының төраға м.а, судьялар, аумақтардың әскери прокурорлары, әскери тергеу басқармалардың және әскери полиция бөлімдерінің өкілдері  қатысты.

Сот төрағасы міндетін атқарушы қазақ тілінің дамуы мен сақталуы,  еліміздің әр бір азаматының парызы екендігін және Қазақстан Республикасының сот жүйесінде сот өнідірісі тілінің Конституциялық  ұстанымдары сақталатынын Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңына сәйкес, тілдердің қолданылуы Қазақстан Ресбуликасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізілетіндігін атап өтті.

Шара соңында, дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік тілде істердің қаралу санын арттыру қажеттігі және де  халық арасында талап арыздармен жүгіну кезінде мемлекеттік тілді қолдану туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі жайында ортақ пікірге келді.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі