«Шығыс хат-хабарларды және құжаттарды жіберу тәртібі туралы»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының кеңсе мамандары арасында «Шығыс хат-хабарларды және құжаттарды жіберу тәртібі туралы» атты тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Семинар сабағында, бас маман – сот мәжілісінің хатшысы М.Б.Сабыров, өз баяндамасы негізінде шығыс хат-хабарларды және құжаттарды жіберу тәртібі туралы тоқталып қатысушыларға ондағы кездесетін мәселелерге және де құжаттарды жіберу тәртібі жөнінде кеңінен  тоқталып нақты түсіндірді.

Семинарды өткізудің басты мақсаты болып шығыс құжаттарды, пошта бөлімшесі арқылы жолданатын хаттарды, ГЭП, сот істері мен материалдарды аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу Ережелерінің тәртібіне сай оны бұлжытпай сақтау қажеттілігін, өзінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы атқару кезінде жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын қатаң түрде сақтау мен орындалуын қадағалау болып табылатынын баяндады.

Семинарға қатысушылар осы талқыланған тақырып бойынша өзара ой-пікірлерімен бөлісті.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі