Семей гарнизоны әскери сотында сот актілерінің орындалуы туралы дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей гарнизоны әскери сотында «Сот актілерін орындаудағы күрделі  мәселелер» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына судья А. Байсалканова, кеңсе меңгерушісі Р.Бигазина, сот мамандары, Семей қаласы бойынша әкімшілік айыппұларды өндіру және сот үкімдерін орындау бөлімінің басшысы  Ә.А.Нуржакупова, Жаңасемей аумақтық бөлімінің сот орындаушысы А.Сагиева және жеке сот орындаушылар қатысты.

Жиын барысында 2007-2016 жылдарда сотпен шығарылған сот актілерін орындаудағы күрделі  мәселелер талқыланды, сонымен қатар сот актілерінің орындалуына  байланысты  жиі қаралатын мәселелер, яғни жазалаудың негізгі бөлігі болып табылатын айыппұлдарды  мемлекет кірісіне өндіруге қатысты  сұрақтар қаралды. Жұмысы барысында қатысушылар орындалмаған әрбір сот актілерін талқылап, себептерін анықтап, олардың шешу жолын қарастырды.

Судья А. Байсалканова өзінің сөзінде сот актілерінің атқарылу жағдайын айтып  статистикалық мәліметтерді келтірді, бөлек өңдірістердің орындалмау себептерін айқындады. Сонымен қатар атқару құжаттарын орындау мерзімдерінің бұзылуы және атқару парақтарының орындалу барысы мен олардың қозғалыстары туралы сотқа хабар түспейтіні сот актілерінің көбісінің орындалмауының себебі екендігін қорытындылады.

Талқылау қорытындысы бойынша сот актілерінің орындалу сапасын көтеру мақсатында сот органы және сот актілерінің атқарылуына жауапты органдардың арасында белсенді ынтымақтастық орын алу қажеттілігіне қатысушылар бірауыздан қолдау көрсетіп, атап өткен кемшіліктерді жоюға бағытталған бірқатар бірлескен іс шаралар жоспарлады.

Қайнар: 
Әскери Соттың Баспасөз қызметі