Радиодағы сұхбат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола гарнизоны әскери сотының бас маман – сот отырысының хатшысы Р.Каратаев «Қазақ радиосы» эфирінде «Бейнеконференцбайланыс жүйесін пайдаланып сот отырыстарын ұйымдастыру» тақырыбында сұхбат берді.

Р.Каратаев өзінің сұхбатында,  Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Сотының жанындағы Соттардың  қызметін қамтамасыз ету департаментінің өкімімен Қазақстан Республикасы соттарында сот отырысында бейнеконференцбайланыс жүйесін қолдануды ұйымдастыру туралы ұсыным бекітілгенін айтты.

Әдістемелік ұсыным сот отырыстарында бейнеконференцбайланыс жүйесін ұйымдастырып және пайдалана отырып өткізуді реттеу мақсатында әзірленген.

Сондай-ақ, аталған жаңалық  істерді қараудың процессуалдық мерзімдерін төмендетуге, қамауда отырған сотталушыға және объективті себептер бойынша мүмкіндігі жоқ куәлер мен жәбірленушіден жауап алып, сот отырсына қатысуға мүмкіндіктер беретінін айтып өтті.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі