Проведен круглый стол на тему: «VII-съезд судей Республики Казахстан»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылдың 21 қарашасында Республика судьяларының кезектен тыс VII-ші съезді өткізіліп, оның барысында сот корпусының делегаттары, Парламент депутаттары, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысқан. Мемлекетіміздің барлық сот қауымдастығына судьялардың кезектен тыс VII-съездінің маңыздылығы, Елбасы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жеке қатысуымен ерекше белгіленді.

Өскемен гарнизоны әскери сотымен Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігі «Шығыс Қазақстан облысы қорғаныс істер жөніндегі Департаментінің ғимаратында әскери қызметкерлердің қатысуымен «Қазақстан Республикасы судьяларының VII-ші съезді» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Сот төрағасы Д.Баймакулов өзінің сөзінде, Съезд жұмысының барысында, судьялардың кәсіби деңгейін сапалы жетілдіру үшін, мемлекет басшысымен өткір мәселелер қозғалды, оларды іріктеу және дайындауда, яғни болашақта үлкен күш-жігерді қажет ететін тағы да кадрлық саясатты тұтастай алғанда, заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін, сот практикасының біркелкілігін, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруды іске асыру керектігін айтып өтті.

Сот төрағасымен белгіленгендей, республикалық сот корпусының өкілдерімен жобаны талқылау арқылы, судьяларға және отставкадағы судьялар үшін, этикалық мінез-құлық ережелерін бекітетін жаңа сот этикасының кодексі қабылданды.

Бүгінгі таңда Қазақстандағы сот жүйесі жоспарлы түрде құқықтық сананы елімізге және қоғамға дамытатын жеткілікті жасампаздық әлеуетке ие.

Сот төрағасы соңында, сот жүйесінің одан әрі алға ілгерілеуі және дамуы, Ұлт көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевпен ерекше таңдалған стратегиясының дұрыстығын, Республиканың кезектен тыс VII-съезді жұмысының барысында, делегаттар өз сөздерінде оның дамуын айтып өткен. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі