Өскемен гарнизоны әскери сотының 2017 жылдың 9 айының жұмыс қорытындылары бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен гарнизоны әскери сотының судьясы А.Даменов «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының тілшілерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Брифинг Өскемен  гарнизоны әскери сотының 2017 жылдың 9 айының жұмыс қорытындыларына арналды.

Судья А.Даменов өзінің сөзінде есептік кезеңдегі қаралған істер бойынша статистикалық мәліметтерді келтірді.

Сонымен қатар, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге қатысты шаралар, оның ішінде сот қызметі жұмысының ашықтығын жоғарлату бойынша бағыттар мен инновациялық технологияларды қолдану туралы айтты. «Сот кабинеті» электрондық сервисі арқылы сотқа келіп түскен жалпы талап арыздардың 100%-ын құрады. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіліп тұратынын, барлық сот отырыстары бейне-дыбыс жазбасы арқылы жүргізілетінін айтып өтті.

Соңында, судья сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру бойынша бірқатар міндеттерді айқындап, әсіресе сотпен татуласу рәсімін, медиацияны кеңінен қолдануды ерекше атап өтті. Сондай-ақ сот өндірісіне енгізілген ақпараттық технологияларды тиісті деңгейде қолдану қажеттілігі туралы айтып өтті.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі