Мемлекет пайдасына қаражат өндіріліп жатыр.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент гарнизоны әскери сотымен 01 шілде 2016 жылы қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау жөнінде дөңгелек үстел өткізілді.

Бұл іс-шараға аймақтық әскери прокурорлары, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының Әділет Департаментінің өкілдері, «Оңтүстік» өңірлік әскерлер қолбасшылығы басқармасы Заң қызметінің бастығы, Тараз қаласының әскери бөлімдерінің заңгерлері, Аль-Фараби, Енбекші, Абай, Қаратау, Қазығұрт,  Сайрам, Төлеби, Ордабасы, Тюлкубас, Сарыағаш сот орындаушылар бөлімшелелердің  өкілдері,  және сот мамандары қатысты.

Дөңгелек үстел қатысушылары сот орындаушылар тарапынан сот актілерді орындалмаудың себептерін талқылап,  сот мамандарымен атқару парағын толтыру барысында жіберілген кемшіліктері, және сот орындаушылар тарапынан сот құжаттының орындауға түспегені туралы   хабарламаны уақытылы жолдамағаны туралы кемшіліктерді, ұзақ уақыт бойы орындалмаудың басқа да себептері талқыланды.

Төраға  ақшалай ризық өндірумен бас  бостандығынан шектеу жазасы  тағайындалған  қылмыстық істер бойынша  атқару өндірісін қысқарту  әдісі ретінде «Рақымшылық» туралы Заңын қолдануды  және  айыппұл өндіру жазасы тағайындалған қылмыстық істер бойынша  сот орындаушылармен шектеуді  қолдануды  көбейту керектігін түсіндірді.

Сот орындаушылар қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау туралы салыстырмалы актілер  негізінде   атқарылған  жұмыстары туралы  есептерін  оқыды.

Қатысушылар аталған кемшіліктерді жою шараларын қолдану керектігін және алға қойылған мақсаттарды орындау және аталған мәселелерді шешу кезіндегі көмек көрсету керектігі жөнінде ортақ ойға  келді.

Алты мәрте дөңгелек үстел өткізгеннің нәтижесінде азаматтық және қылмыстық істер бойынша орындалған сот актіңлерінің саны көбеюде.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі