Қызметтік тұрғын үйден шығару

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған гарнизонының әскери сотымен «ҚР Қорғаныс Министрлігі» ММ-сі жауапкерлер Смирновпен Смирнованы пәтерге құқығын жоғалтқаны жөнінде тану және басқа тұрғын үй ұсынусыз қызметтік пәтерден шығару туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот талқылауында анықталғаны бұл пәтер ҚР Қорғаныс Министрлігінің ведомстволық тұрғын үйіне жатады. Қызметтік пәтер марқұм А.Смирновқа берілген. Оның өлімінен кейін оның ұлы Смирнов А. пәтерді жалға беріп жүрген, өзі тұрмаған, шешесімен басқа үйде тұрған. Оның қызыда Смирнова И. бұл пәтерде тұрмаған. Және де сотпен белгіленгені, пәтер 2017 жылдан бері бос, ол жерде ешкім тұрып жүрген жоқ.  

ҚР «Тұрғын үй қатынастары» Заңының 102 бабының 2 бөліміне сәйкес, жалдаушы (қосымша жалдаушы) мен отбасы мүшелерi тұрақты тұру үшiн басқа жаққа көшiп кеткен жағдайда тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау шарты олар кеткен күннен бастап бұзылды деп есептеледi.

Осыған байланысты жауапкердің басқа жерге кеткен күннен бастап, жалдау шарты бұзылған. Жауапкерлер қазіргі күні даулы пәтерде тұрмайды, пәтерді өз еркілерімен босатқан.

Осыған орай, сотпен талапкердің арызы жартылай қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Әскери Соттың Баспасөз қызметі