Қызметтік тексерісті жарамсыз деп тану туралы.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы гарнизоны әскери сотында арызданушы Е. – тің 2013 жылдың 26 маусымындағы №21450 әскери бөлім командирінің бұйрығымен тағайындалған қызметтік тексерісті жарамсыз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғаны, 2013 жылдың 12 шілдедегі «Оңтүстік» аумақтық әскери командирінің бұйрығымен қызметтік тексеріс негізінде арызданушыны әскери қызметтен босатылған. 2013 жылдың 13 тамызында әскери бөлім командирінің бұйрығымен бөлім тізімінен алынып тасталған. Е. жұмыстан босату туралы бұйрықтың күшін жойып, қызметке қайта орналастыру туралы және еріксіз жұмыссыз болған кездегі еңбекақысын төлеу туралы талап арызбен сотқа жүгінеді. Алайда, 2016 жылдың 23 ақпанындағы Алматы гарнизоны әскери сотының шешімімен талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды. Аталған азаматтық іс бойынша, Е. жұмыстан босату кезінде нормативтік актілердің талаптары және қызметтік тексеріс жүргізу тәртібі, құжаттарды тіркеу уақтылы тіркелмегені анықталуына байланысты, «Юг» аумақтық басқармасының атына жеке ұйғарым шығарылды.

Арызданушы Е. 2016 жылдың 23 ақпанында шығарылған жеке ұйғарым шығарылған соң және соттың шешімі шыққан соң, қызметтік тексеріс кемшіліктермен жүргізілгенін біліп, арыз қарау мерзімін қалпына келтіруді сұрады.

Сот, арызданушының өкілін, «21450 әскери бөлімі» РММ-нің өкілін тыңдап, ұсынылған дәлелдерін зерттеп, талаптың мерзімінің ескіруі себепсіз деп санайды, сондықтан 2016 жылдың 23 ақпанандағы Алматы гарнизоны әскери сотының заңдық күшіне еңген шешімі негізінде, Е. өзінің арызында қызметтік тексерісті дұрыс жүргізілмеген деп көрсеткен. Азаматтық істі қарау барысында судья істі жан – жақты қарап, тараптардың берген түсініктемелерін зерттей келе, шешім қабылдаған.

Жоғарыда көрсетілген негіздерге сәйкес, судья арызды қанағаттандырусыз қалдырады.

Шешім заңды күшіне еңген жоқ. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі