Қылмыстық іс медиация тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы гарнизоны әскери сотында  ҚР ҚК-нің 440-бабының 1-бөлігімен айыпталған «Т»-ға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, 2016 жылдың 21 шілдесінде 58012 әскери бөлімінің ғимаратында, әжетхана бөлмесінде қатардағы жауынгер «Т» қатардағы жауынгер «Ш»-ді еш себепсіз артынан келіп оң аяғынан шалып құлатқан. Нәтижесінде «Ш» бет тұсымен еденге құлап, сол көзінің қабағы жарылған. 2016 жылғы 27 шілдедегі №37 сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, «Ш»-ның деңсаулығына «жеңіл» дәрежедегі зиян келтірілген.

Сот тергеуіне дейін сотталушы жәбірленушіге келтірілген зиянды толығымен өтеп, өзара татуласқандарына байланысты қылмыстық істі өндірістен медиация тәртібімен қысқарту туралы арызы түскен.

Сот қаулысымен «Т»-ға қатысты аталған қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің негізінде медиация тәртібімен қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне еңген жоқ.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі