«Қылмыстық істерді сотта келісімдік іс жүргізуде қарау ерекшеліктері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1 қаңтар 2015 жылдан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi «Процестік келісім» атты жаңа тарауды қамтиды.  Процестік келісімнің сот тергеуі түрлеріне қарағанда басқа да өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер процестік келісіммен келіп түскен іс бойынша судьяның әрекетінде, сот талқылауы тәртібінде көрініс табады.

Осы орайда, Өскемен гарнизоны әскери сотымен Өскемен гарнизоны әскери прокуратурасы мен ҚР ІІМ ШӨ Әскери тергеу басқармасы Өскемен бөлімінің алдыңғы басшылары мен қызметкерлерімен бірлесе отырып «Қылмыстық істерді сотта келісімдік іс жүргізуде қарау ерекшеліктері» атты тақырыпта дөңгелек өткізілді.

Сот төрағасы Д.Баймакулов өз сөзінде, судья кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім және істі процестік келісімде қарау туралы өтінішпен іс сотқа түскен уақытта, бекітілген процестік келісімнің заң талаптарына сәйкестілігін тексереді. Сондай-ақ егер сот сотталушының кінәлілігіне күмәнданса, бекітілген процестік келісімге қарамастан, сот істі қысқартады немесе прокурорға істі процестік келісімде қараудан бас тарта отырып, кері қайтарады.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылардың сауалдарына сот төрағасы жауап берді.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі