Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы әскери қызметшілермен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы Б.Дәрібаев ҚР  Қорғаныс Министрлігінің  68665 әскери бөлімінің басшылығымен және әскери қызметшілерімен  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбы бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялары, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас пен құқықтық сананы қалыптастыру туралы көкейкесті мәселелер талқыланды.

Б.Дәрібаев: "Қазір елімізде жемқорлық секілді қоғамдық кеселмен күрес бағытында үлкен жұмыс атқарылып отыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды, алдыңғы нормативтік актіге қарағанда заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреспен бірге, қарсы іс-қимылдар бөлігі ұлғайтылған, атап айтқанда лауазымды тұлғалардың жемқорлық құқық бұзушылықтарға келтіруі мүмкін қайсыбір әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін болдырмауды көздейді. Осындай шаралардың мысалы ретінде «Сот кабинеті» электронды сервисінің  сотта енгізілгенін   айтуға болады. «Сот кабинеті» арқылы сот қызметкерлерімен қатынассыз сотқа жүгінуге болады, сотқа талап-арыздар мен қолдау хаттар жолдауға мүмкіндік бар".

Судья Б.Дәрібаев сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың себептері мен түрлерінің әртүрлі болатынын, оларды уақтылы әшкереленуі  олардың ары қарай болдырмауға  мүмкіндік беретіндігіне тоқталып  өтті.

Кездесу барысында әскери қызметшілерді қызықтырған барлық сұрақтар бойынша сұхбат жүргізілді.  Сұхбат жүргізу кезінде әскери қызметшілер әскери соттардың жұмысының тәртібі, жалға берілетін тұрғын үй үшін мақсатты өтемақы төлеу, тұрғын үйді жекешелендіру және жекешелендірілімеген тұрғын үй орнына өтемақы алу туралы сұрақтар қойды.

Кездесу соңында әскери қызметшілермен талқыланған тақырыптар бойынша сұрақтар қойылып, оларға  тиісті жауаптар берілді.

 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі