Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьялары жаңа технологиялар игілігін қолдануда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот оқуын дамыту бағытында және судьялардың біліктілігін арттыру мақсатында Республиканың  соттарында ҚР Жоғарғы Сотымен бекітілген кестелерге сәйкес бейнебайланыс арқылы дәрістер өткізіледі.

Жоспарланып отырған бейнедәрістердің тиімді өткізілуін қамтамасыз ету үшін ішкі портал жүйесінде қалыптастырылған істер санаттарының бірыңғай жіктеушісінде  қорытулардың тұсында істердің  әр баптары  бойынша жазбалар  орналастырылған.

Осыған орай, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында жаңа технологиялардың  бірыңғай базасымен жұмыс жасау бойынша  түсіндіру жұмыстары жүргізіліп  тұрады. 

Атап  айтқанда, судьялар Жоғарғы Соттың ішкі порталындағы қашықтықтан оқу материалдарымен онлайн режимінде өз  персональды компьютерлерінен  таныса  алады.

Сонымен  қатар,  осы порталда   судьялар соттағы тәжірибесімен бөлісе алатын   форум  құрылған.

Осылайша қазіргі заманғы технологиялардың сот жүйесінде енгізілуі және қолданылуы  соттардың жұмысын оңтайландыруға  және тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі