ҚР Ұлттық Ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы  Б.Дәрібаев ҚР Ұлттық Ұланның 5573 әскери бөлімінің басшылығымен және әскери  қызметшілерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында әскери қызметшілерге   Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын  жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан шаралар  туралы түсіндірілді.

         Судья Б.Дәрібаев  өзінің сөзінде, мемлекет басшысы терроризммен6 сонымен  бірге діни және киберқылмыспен күрес  мәселелеріне  ерекше назарын  аударғанын  айтты.  Осыған байланысты, осы  мәселелер  бойынша судьяларды  мамандандыруды енгізудің орнықтылығы және терроризмге қатысты қылмыстар  бойынша    сот процесстерінде  дыбыс-бейне жазбалар банктерін  құру зерделеніп жатыр. Әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру мәселесі бойынша айыппұл түріндегі жазаны қолдануды кеңейту мәселесі  және оларды өндіру бойынша тиісті деңгейдегі мерзімді белгілеу  бойынша мәселелер  қарастырылады. Қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономикалық қылмыс құрамын криминалдық сипаттан арылту сұрақтары бойынша  жұмыстар атқарылу жұмыстары жүргізілуде.  Атап айтқанда, салықтық құқық бұзушылық бойынша жаза тағайындау  тәжірбиесіне талдау-шолу жасау және олардан арылту бойынша ұсыныстар енгізу, сонымен қатар, салық және айыппұлдарды өз еркімен төлеген жағдайда қылмыстық жауаптылықты  алып тастау мәселелерін қарастыру жоспарланып отыр»,- деді ол.

Кездесу соңында, әскери қызметшілермен әскери соттардың жұмысының тәртібі,  жалға берілетін тұрғын үй үшін ақшалай өтемақы төлеу, тұрғын үйді жекешелендіру, жекешелендірілмеген тұрғын үй орнына өтемақы алу  және әскери қызметті өтеу  бойынша басқада сұрақтар қойылып,  оларға  тиісті жауаптар берілді.

Қайнар: 
Әскери соттын баспасөз қызметі