Кезекті семинарлық сабақ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы гарнизоны әскери сотының кеңсе меңгерушісі сот қызметкерлерімен кезекті семинарлық сабақ өткізді.

Кеңсе меңгерушісі өзінің сөзінде сот актілерінің орындалу тәртібін айтып өтті. Атап айтқанда, сот шешімі заңды күшіне еңгеннен кейін атқару парағы жазылатынын, ол өндіріп алушыға берілетінін, не оның жазбаша арызы бойынша сот орындау үшін тиісті әділет органына не жеке сот орындаушысына орындау үшін жіберетінін; атқару парағына аудандық соттың мөрімен куәландырылған  сот актісінің көшірмесі қоса тіркелетінін; атқару парағын бірінші сатыдағы сот шешімі заңды күшіне еңген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазып берілетінін; соттың әрбір шешімі бойынша бір атқару парағы берілетінін; өндіріп алушының өтініші бойынша ортақ жауапкерлерден ақшалай соммаларды өндіріп алу туралы соттың шешімі немесе үкімі негізінде ортақ жауапкерлердің санына сәйкес келетін бірнеше атқару парағы берілуге тиіс екендігін көрсетті. 

Соттың мамандары өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап алып, пікір алмасты. 

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі